Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі қолданысқа «Ашық Әлем» жобасын қосты
«Ашық Әлем» жобасының мақсаты халықты қолжетімді қазіргі заман ақпараттық жабдықтарымен жабдықталған дербес компьютерлермен қамтамасыз ету болып келеді.
Ашық Әлем жобасы бірінші кезеңде Алматы және Ақмола облыстарын қамтығанын ескертеріңізге сала кетейін. Жобаның осы өңірлерде табысты іске асқанын, сондай-ақ халық арасында бағдарламаның аса талаптылығын ескере отырып, ҚР АБА басшылығымен жобаны іске асыру зонасын бүкіл Қазақстан Республикасы аумағы бойынша кеңейту шешімін қабылдады. Жаңа, аса қуатты, «Ашық Әлем» бағдарламасының аясында әлемнің көптеген халқы үшін қолжетімді болған компьютерлер конфигурациялары қосылды.
Бағдарламаны ұйымдастырушылардың және қатысушылардың ойы бойынша «Ашық Әлем» әлеуметтік жобасын іске асыру, Қазақстан Республикасы халқы арасында компьютерлік сауаттылықты максималды таратуға ықпал етеді. Бұл өз қатарында жаңа заман ақпараттық құралдарын қолдану арқылы мемлекеттік қызмет алу кезінде азаматтар үшін аса ыңғайлы және тиімді.
Бүгінгі күні «Ашық Әлем» жобасын іске асырудың 2 схемасы әзірленген:
1 схема:
Өңір тұрғыны «Қазпошта» АҚ кез-келген өңірлік пошта бөліміне дербес компьютерге тапсырыс беруге ынта білдіреді. Өтінімді рәсімдеу үшін өзімен бірге жеке куәлік және СТН болу қажет.
«Қазпошта» АҚ ДК өтінімін өңдеп болғаннан кейін жинақталған ДК орталықталған «Логиком» АҚ жинақтау орталығынан жеткізеді. «Қазпошта» АҚ және ДК жинақтаушы «Логиком» АҚ арасында аталған компаниялар қоймасынан ДК алуға және жеткізу бойынша агенттік келісім-шарт әрекет етеді. Тапсырыс «Қазпошта» АҚ өңірлік пошта бөліміне жеткізіледі. Өңірдің орналасуына байланысты жеткізу 5-10 күн ішінде жүзеге асатын болады.
Жобаның 1 схемасы бойынша ДК сату байланыс телефоны - 8 (7232)25-78-99 («Қазпошта» АҚ Шығыс Қазақстандық филиалы).
2схема:
ДК бөлшек сауда желілерінде сатылады:
1. "Логиком" АҚ, Өскемен қаласында байланыс телефоны - 8(7232)26-37-77;
2. "Алсер" ЖШС, Өскемен қаласында байланыс телефондары - 8(7232)20-33-99, Семей қаласында - 8(7222) 52-36-86.
Сатып алу саны және компьютерлік техника түрлері АТТ бір сертификатына 1 компьютермен шектелген. АТТ сертификаты иесіне жобаға қатысушылар келісім-шартына сәйкес ноутбук, мониторлар және жүйелі блоктарға белгіленген жеңілдіктер алуға құқық береді. Осы жеңілдік акция бойынша және несиеге алынған тауарға таралмайды.
Қазіргі уақытта Ақпараттық теңсіздікті төмендеру бағдарламасы бойынша бір миллион екі жүз мың адам оқытылды.
Бағдарламаны іске асыру қортындысы бойынша әлем халқының 100 адамына 20 компьютерден келетін, қолжетімді дербес компьютермен қамтамасыз ету деңгейінің өсуі күтіліп отыр. Компьютерлік техниканың халық арасында енуі дамыған елдер арасында дәл осындай көрсеткіштерге жетуде. «Ашық Әлем» бағдарламасы мемлекеттік екенін естеріңе сала кетейін, алайда, оны іске асыруға бюджеттен қаражат шыққан жоқ. «Ашық Әлем» жобасына қатысушы компаниялар мемлекеттік – жеке серіктестігі бойынша еркін негізде өз қызметтерін көрсетеді.
|