| Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Жол картасының" орындалу барысы ШҚО жұмыспен қамту картасының мазмұны: - 2009 жылға арналған ШҚО қауіптілік дәрежесі бойынша өңірлік карта
- ШҚО қауіптілік дәрежесі бойынша салалық карта
- ШҚО тау кен-өндірісі
- ШҚО өндіруші өнеркәсіп
- Кәсіпорын тұрғысындағы тау кен-өндірісі
- Кәсіпорын тұрғысындағы өндіруші өнеркәсіп
- Жол Картасын іске асыру
- Қаржыландырумен қамтамасыз етілген жобалар
- Қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген жобалар
Құрметті шығысқазақстандықтар! Сіздер «жол картасы» аясындағы іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінген қаражатты мақсатына сай әрі тиімді пайдалану мәселелері жөнінде 8 (7232) 24-24-24 сенім телефоны арқылы хабарласа аласыздар. | 2009 жылға арналған ШҚО бойынша жұмысқа орналасуға мұқтаждықтың болжамы | | | | | | | 2009 жылы жаңа жұмыс орындарын құру (карта ) | | «Жол картасын» іске асыру жөнінде ақпарат 2009 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыстағы 10 кәсіпорын өндірісін толық тоқтатты, оның ішінде облыс орталығында - 4, Семейде – 3, Риддерде – 1, Шемонаиха ауданында – 1, Бородулиха ауданында – 1 кәсіпорын. 89 кәсіпорын жартылай жұмыс уақытына көшті. Осы кәсіпорындарда жыл басынан 482 жұмыс орны қысқартылды, 2365 адам өз еркімен жұмыстан шықты, 772 жұмысшы өзге жұмыстарға ауысты, 97 адам басқа кәсіптерге қайта оқытылды. 2009 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 1787 адам жалақысыз демалыста, 2792 адам – жартылай жұмыс режимінде болуда, 325 адам – өндірістің тоқтап қалуынан уақытша жұмыс істемейді. Қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш беру өткен жылғы бес аймен салыстырғанда 70 % өсті, 2009 жылғы 1 маусымда 10277 жұмыссыз тіркелді, бұл жыл басына қарағанда 26 % артық, экономикалық белсенді тұрғындар санында тіркелген жұмыссыздар үлесі жыл басымен салыстырғанда 0,2 пайыздық пунктке өсті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 4406 әлеуметтік жұмыс орнын құруға 395 млн.теңгеден астам бөлінді. Екі мыңнан астам оқу орындары түлектерін уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін «Жастар іс-тәжірибесіне» 222 млн.теңге бөлінеді. Облыстың кәсіпорындарымен және ұйымдарымен әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 191 келісім-шарт жасалды, онда 911 адам жұмыс істеуде. Түлектерді жұмысқа орналастыру үшін кәсіпорындармен 503 келісім-шарт жасалды, олар бойынша 522 жас маман жіберілді. Курстық даярлық жөніндегі жұмысқа облыстың 59 колледжі және кәсіптік лицейі жұмылдырылды. Курстарды бекітілген мемлекеттік бағдарламалар бойынша үздік оқытушылар тегін жүргізеді. Оқыту үшін оқу топтары құрылды. Бүгінгі таңда 2888 адам қабылданды, облыстың қалалары мен аудандарында 1684 адам оқуын бастады. Көшпелі жұмылдыру оқыту ұйымдастырылды. Семей қаласы құрылыс колледжінің оқытушылары 22 адамнан тұратын сылақшы-сырлаушылар тобын Курчатов қаласында оқытуда. 2009 жылғы 1 сәуірдегі 2009 жылғы 1 мамырдағы |