|
Ұжымның өмірі
 2008 жылғы 11 маусымда облыс әкімі Әділғазы Садуақасұлы Бергенев пен ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасының қызметкерлері арасында кездесу өтті. Басқарма облыс әкімімен кездесу барысында атқарылған жұмыстары мен басқарма қызметінің ары-қарай жетілу болашағы туралы есеп берді. Облыс әкімі басқарма ұжымының алдына облысымыздың мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау жүйелерін жетілдіру жөнінде жаңа тапсармалар қойып, басқарма қызметкерлерімен әңгіме жүргізіді.
 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, барлық мемлекеттік құрылыс инспекторлары үш жылда бір рет коммуналды тұрғын үй құрылысы және құрылыс істері жөніндегі комитетінде міндетті атестаттаудан өтулері қажет. 2008 жылғы 22 қаңтарда Астана қаласында біздің облысты ұсынған Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау департамнеті қызметкерлерінің барлығы мемлекеттік құрылыс инспекторларының атестаттауынан сәтті өтті.
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс істері және коммуналды-тұрғын үй шаруашылығы жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары Николай Петрович Тихонюк Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау департаменті қызметкерлерінің жақсы дайындалғандарын атап өтті.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау департаменті мен Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары департаментінің қызметкерлері бірігіп, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында өтетін VI облыстық спартакиадасына қатысты. Қызықты ойынның нәтижесінде ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау департаменті мен Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары департаментінің командасы құрметті 2-ші орынды иеленді.
Сенбілікте
«Облыстың елді-мекендерін көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту туралы» облыс әкімінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 572 қаулысына сәйкес, ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыстыбақылау басқармасы 2009 жылдың 1 сәуірінен 31 мамыр аралығында аталған іс-шараларға белсене қатысты.
Өскемен қаласы әкімінің шешімі бойынша басқармаға бірнеше көшелері мен қалтарыстары бар Шмелев Лог кенті белгіленді.
Ағымдағы жылдың 4 сәуірінен бастап әр сенбі күні басқарма қызметкерлері тұрғын үй аумақтарының маңындағы көшелерді тазалап, сондай-ақ кент тұрғындарымен өздерінің үйлерінің маңайын санитарлық тазалау жөнінде үгіт-насихаттау жұмыстарын жүргізді. Көрсетілген мерзім ішінде қала сыртындағы қоқыстар үйіндісіне 300м3 қоқыс шығарумен кенттің барлық көшелері мен жолдары тазартылды.
Өскемен қаласын көгалдандыру бойынша акцияны өткізуге және аумақты көріктендіру мен санитарлық тазалау жөніндегі іс-шараларға қолдау көрсеткені үшін басқарма ұжымы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
|