| «ШҚО Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі Мекен-жайы: Өскемен қ. Ушанов көшесі, 27. depstroy.vko.gov.kz Заңнама Есептер мұрағаты Виртуалды қабылдау ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ТУРАЛЫ Мұратов Жомарт Хайдарұлы - Шығыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының бастығы. 1965 жылғы 31 мамырда Киев қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ. 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Кеңестік Армия қатарындағы қызметтен кейін токарь-карусельщиктің шәкірті болып бастаған. Одан кейін 15 жыл бойы бизнес саласындағы түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. 2004-2009 жылдары – «Жәрдем-Агро» аграрлық-инвестициялық компания» ЖШС-нің атқарушы директоры. 2009 жылғы 1 маусымда Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының бастығы болып тағайындалды. ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ: - Департамент өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Констутициясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Президентінің актілері, облыс әкімдігінің актілері, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Департаменттің құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. Департаменттің шекті штаттық саны және құрылымы облыс әкімдігімен бекітіледі.
- департамент жедел басқару құқығы берілген өзіндік балансы, жеке мүлігі, мемлекеттік тілде өзіндік атауы бар мөрі және мөртабаны, белгілі үлгідегі бланкісі және заңдылыққа сәйкес Қазынашылық басқармасында есебі бар заңды тұлға болып табылады. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
ДЕПАРТАМЕНТТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ: - облыс аумағында мақсатты құрылыс бағдарламаларын жүзеге асыру.
- облыс аумағындағы барлық құрылыс кешендерінің қызметін бақылау, толық құрылыс және құрылыс материалдарының өндірісі базасын дамыту бойынша әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды дайындау мен келісуде қатысу, жаңа тұрғын үй бағдарламасы саясатын жүзеге асыруды дайындау,құрылыс, күрделі жөндеу, қайта құруды ұйымдастыруда бюджеттік саланың қажеттілігін қамтамасыз ету.
- Құрылыс базасын салу және қайта құру саласында өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру.
8. Басқарманың негізгі міндеттері: 1) тұрғын үй құрылысын және сейсмикалық нығайтуды дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру; 2) облыстың, қалалар мен аудандардың әлеуметтік экономикалық дамуының жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу; 3) әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-шаруашылық және тұрғын үй-коммуналдық маңыздағы нысандар салу және қайта құру. 9. Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) пайдалануға берілетін нысандарды (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте салынып жатқан (салыну жоспарланып отырған) объектілерге және кешендерге мониторинг жүргізу; 3) коммуналдық меншіктегі тазарту құрылыстарын салу мен пайдалануды ұйымдастыру; 4) облыстық коммуналдық меншiк объектiлерi мен әлеуметтiк-мәдени маңыздағы объектілерді салу, қайта құру және жөндеу бойынша тапсырысшы болады; 5) әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша жергілікті маңыздағы нысандарды құруға (аумақтарды салуға) қала құрылысы және басқа да жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды қарастыру және бекіту; 6) бейбіт және соғыс уақытында облыстық инженерлік қызметтермен азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардағы арнаулы іс-шараларды орындау; 7) Басқарма өзіне жүктелген міндеттерден туындайтын және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін, сондай-ақ облыс әкімдігі оған арнайы жүктеген басқа да функцияларды орындайды. 10. Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және міндеттерін орындау кезінде мынадай құқықтарға ие: 1) коммуналдық меншіктегі құрылыс нысандарының жұмыстарын жетілдіру және жақсарту жөніндегі мәселелер мен ұсыныстарды облыс әкімдігінің қарауына енгізу; 2) Басқарма өзі мемлекеттік органы болып табылатын ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді жүзеге асыру; 3) Басқарма Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасынан туындайтын басқа да құқықтарды пайдаланады. Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: айдың бірінші сәрсенбісі 16-дан 18-ге дейын Телефон: 8(7232)26-15-53 Мекен-жайы: Өскемен қ, Қазақстан көшесі, 27. Құзыреті бойынша нормативтік-құқықтық актілер: «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы туралы» 1999 жылғы 10желтоқсандағы Заңы Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы Қазақстан Республикасының «Ағымды жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңы ҚР Президентімен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің 2005 жылғы 3 мамырдағы Ар-намыс кодексі «Азаматттардың өтініштерін қарастырудың тәртібі туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2340 Президент Жарлығы «Ауыз су» 2002-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасы бойынша 2002 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Үкіметінің Қаулысы «Сейсмикалық аудандар құрылысы» 2.03-30-2006 ҚР ҚНменЕ «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттар құрылысын ұйымдастыру» 1.03-06-2002 ҚР ҚНменЕ. |