| Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы мемлекеттік мекемесі Виртуалды қабылдау Сайт управления: econvko.gov.kz Есептер мұрағаты Ясинская Елена Павловна – экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы 1961 жылы 24 маусымда Украина Донецк ауданы Красноармейск қаласында тұған, ұлты – орыс. 1983 жылы Өскемен жол-құрылыс институтын автомабиль көлігін пайдалану инженері мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық институтын экономист-заңгер мамандығы бойынша бітірді. 1983 жылы институтты бітіргеннен кейін өз еңбек жолын Өскемен қаласы көлік басқармасында инженер ретінде бастады. Кейін «Алтайсвинецстрой» тресте ұқсас лауазымда жұмыс істеді. 1992 жылы Өскемен қ. атқарушы билік жүйесінің экономика құрылымында, 1996 жылдан бастап – бөлім меңгерушісі лауазымында. 2008 жылдың қыркүйегінен – облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының экономикалық жоспарлау бойынша бастықтың орынбасары. 2009 жылғы 13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы болып тағайындалды. Департаменттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру; 2) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары және салық саясатымен өзара әрекеттістікте өңірлік фискалдық, бюджеттік, бюджетаралық және инвестициялық саясатты қалыптастыру. Департамент экономикалық және бюджеттік саясатты қалыптастыру саласында заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай қызметтерді жүзеге асырады: 1) облыс, қалалар және аудандардың атқарушы органдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасына және оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына ұсыныстар әзірлеу, олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру; 2) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының және Стратегиялық даму жоспарының жобаларын әзірлеу; 3) өзінің құзыреті шегінде түсімдер көлемі бойынша бюджетті және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын есепке ала отырып, оларды пайдаланудың бағыттарын жоспарлауды жүзеге асырады; 4) алдағы 3 жылдық кезеңге облыстың Орта мерзімді фискалдық саясатының жобасын әзірлейді, облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттердің болжамдалатын көлемін белгілеп, Бюджет комиссиясының қарауына және әкімдікке бекітуге енгізеді; 5) бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және облыстық бюджет комиссиясына олар бойынша бағалау және қорытынды дайындайды; 6) облыстық бюджет комиссиясының жұмыс органы болып табылады; 7) Орта мерзімді фискалдық саясат негізінде түсімдер көлемін, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және даму бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттерін болжамдайды, лимиттерді бағдарламалар әкімшілеріне жеткізеді; 8) жергілікті атқарушы органдардың және ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимитін белгілеу бойынша облыс әкімдігінің қаулысын дайындайды; 9) әкімшілік-аумақтық бірліктерді басқару схемасы бойынша шешімдердің жобаларын дайындайды; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттің орындалуы бойынша жергілікті уәкілетті органдардың келісімі бойынша тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларын дайындайды; 11) мынадай өңірлік бағдарламалардың жобаларын қарайды және олар бойынша қорытындылар әзірлейді: облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдері бойынша, олардың қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік мәселелері бойынша шығыстары; жергілікті атқарушы органдардың білім беру, мәдениет, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, денсаулық сақтау, санитарлық-эпедимиологиялық қадағалау, ішкі саясат, мұрағаттар және құжаттама, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша бюджеттік өтінімдері; жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, табиғи монополиялардың қызметін реттеу және бәсекелестікті қорғау, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары мәселелері бойынша бюджеттік өтінімдері; 12) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру; 13) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді, сараптауды және содан кейін жобалау-сметалық құжатты келісуді жүзеге асырады; 14) гранттарды тартуға басым өтінімдер тізбесін қалыптастыру және оны Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне бекітуге енгізу; 15) өңірлік қарыз алуды және борышты, бюджеттік кредит беруді жоспарлау және талдауды жүзеге асыру; 16) түсімдердің жылдық көлемімен баланстандырылған бюджет шығыстарын экономикалық жіктеу бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді. 17) бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган бекіткен қаржыландырудың жылдық жоспарын бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жібереді; 18) әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларын, бюджеттік жоспарлау, бағдарламалау және өңірлік бағдарламалар әзірлеуді және іске асыруды әдістемелік қамтамасыз ету; 19) әлеуметтік сала және инфрақұрылым көрсеткіштерін әзірлеуді және мониторингті ұйымдастыру; 20) бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың әзірленуін және мониторингін ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету; 21) инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде шаралар әзірлеу, өңірлік бағдарламаларды және басым инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ішкі және сыртқы инвестиция тартуға көмектесу; 22) облыста республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын, бюджеттік инвестициялардың іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне және басқа да мүдделі орталық атқарушы органдарға жиынтық ақпарат жасау және ұсыну; 23) әкімшілік-аумақтық бірліктерді өңірлік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру; 24) жергілікті атқарушы органдардың функцияларына талдау жасауды жүзеге асыру; 25) жергілікті бюджет есебінен ұсталатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; 26) қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына рейтинг жүргізу; 27) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; 28) Департаменттің құзыретіне жататын бағыттар бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; 29) экономикалық қауіпсіздік мәселелерінің мониторингі; 30) ауылдық аумақтарды дамыту саласында өңірлік бағдарламалар әзірлеу. Департамент басшыларының азаматтарды қабылдау уақыты: «ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы лауазымды тұлғалардың ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі нормаларын, мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес заңнамаларын бұзудын және де бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланудың алдын- алу және жол бермеу мақсатында облыс тұрғындары назарына сенім телефоны жұмыс істейтінін хабарлайды: 8(7232)57-81-99. Факс: 8(7232) 57-85-55 Пошта индексі: 070004, Шығыс Қазақстан облысы
Қаласы: Өскемен, М.Горький көшесі, 40
E-mail:uprekon@ustk.kz |