Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
Kazakhstan Financial Market
 
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы

   Заңнама

  Виртуалды қабылдау

  Сайт: do.vko.gov.kz

 

БАСШЫ ТУРАЛЫ

Облыстық білім беру басқармасының бастығы - Ерсаин Ахметуалиұлы Нәбиев

Ерсайын Ахметуәлиұлы Нәбиев,  1960 жылы 14 тамызда дүниеге келген.Білімі жоғары келесі мамандықтар бойынша: тарих мұғалімі, заңгер, экономист.

Әуе қорғаныс күштері әскер қатарында қызмет еткен, толымдау құрамындағы капитан.
Еңбек жолын 1978 жылдан бастады.Барылық кәсіби қызметі білім саласыменбайланысты.
Е.А. Нәбиев Өскемен қаласының № 25 мектебінде тарих мұғалімі, Өскемен педагогикалық институтының педагогика кафедрасында мұғалім (қазір С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті) ШҚМУ ғылыми-зерттеу секторы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасының ғылымдарының Ұлттық Академиясының Шығыс бөлімінің ғалым хатшысы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры, Шығыс Қазақстан классикалық университетінің ректоры, Қазақстан-Американдық Еркін  университетінің вице-президенті қызметтерін атқарды.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
2003 жылы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің әдістемесін мен теориясын қалыптастыру және дамыту» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Е.А. Нәбиев елуден астам ғылыми еңбектері, сонымен қатар монография мен оқуқұралдары бар.
«Нұр Отан» ХДП Өскемендік саяси кеңес бюросының мүшесі, «Нұр Отан» ХДП ШҚ филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі облыстық кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Е.А. Нәбиев қалалық мәслихаттың 16 сайлау округі бойынша  сайлауды жеңіп шығып, 2007 жылғы 28 тамыздағы бірінші сессиясында  бірауыздан Өсемен қалалық мәслихаттың хатшысына сайланды.

Е.А. Нәбиев С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры болып табылады, «Қазақстан Республикасы білім берудің Құрметті қызметкері» ҚР БҒМ төсбелгісімен, Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.
2009 жылдың 5-қазанынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.

 

Функцияналдық  міндеттері

Облыс аумағында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының орындалуын қамтамасыз ету; облыс білім беру бюджетінің жобасын және облыс білім беру жүйесін дамытудың индикативті жоспарын әзірлеу;  мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алып, оларды орта білім алғанға дейін оқумен қамтамасыз ету;  ата-аналарының қарауынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларды қамқорлыққа алуды ұйымдастырып, балалар үйлері мен интернаттарға орналастыру;  меншік түрлеріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамай  облыс білім беру ұйымдарында  оқу-тәрбие үрдісінің  мемлекеттік стандарттар талабына  сай болуын ұйымдастырып, бақылау жасау;  педагогика қызметкерлерін аттестаттаудан өткізіп, оларға біліктілік разрядттарын беру;  кәсіптік-техникалық  мектептер, кәсіптік лицейлер мен колледждерге жұмысшылар мен мамандар даярлаудың мемлекеттік тапсырысын конкурстық негізде бөліп  беру;  облыстық бюджеттен қаржыландыратын  мемлекеттік мектепке дейінгі, мектептен тыс ұйымдар, орта білім беру, бастауыш және орта кәсіптік білім беру  ұйымдарының  басшыларын тағайындау, жұмысынан босату;  жоғары органдарға  мектепке дейінгі, жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік  білім беру мәселелері жөнінде  статистикалық есеп беріп отыру;  мемлекеттік  білім беру ұйымдарының жарғыларымен келісіп, бекіту;  педагогикалық кадрларды  қайта даярлауды, біліктіліктерін көтеруді  ұйымдастыру және оларды аймақтық деңгейде әдістемелік кабинеттер желісі арқылы   әдістемелік қамтамасыз ету;   өз құзіреті шегінде білім беру ұйымдарында  лицензиялау  мен аттестаттау  өткізу;   департамент аппараты  мен оған қарайтын ұйымдарға бөлінген бюджеттік қаржының  тиімді де мақсатты пайдалануына  бақылау  жасау.

  Қабылдау уақыты: әр айдың 1-ші бейсенбісі  16.00-ден 18.00-ге дейін

  Телефон/факс: 8(7232) 57-01-49
  Мекен жайы: Өскемен қ,, Карла Либнехта к, 19.

 

 


Мұрағат

 

2007 ж.

 

2006 ж.

 

 

 

 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы
 

ШҚО әкімі сайтындағы барлық анықтама ақпараттар сіздің ұялы телефоныңызда - wap.akimvko.gov.kz

 
Copyright © 2005-2010

Барлық құқығы қорғалған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz сайтынан материалдарды толық немесе жартылай пайдалану тек сайттың ресми иесінің келісімімен ғана рұқсат етіледі. 

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40
Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: portal@akimvko.gov.kz
Call - центр тел. 8 (7232) 203-300