| Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің халықты бақылау және әлеуметтік қорғау бойынша департаменті Виртуалды қабылдау Департамент директоры Б.Қизатов Телефон: 8(7232)47-15-77 Еңбек заңнамасы Министерстволар мен ведомстволардың уәкілдерінен, Парламент депутаттарынан, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың уәкілдерінен, ғалымдардан, заңгерлерден тұратын Жұмысшы топ Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің жобасын әзірледі. 2004-жылғы 30-маусымда Еңбек кодексінің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметіне қарасты экономикалық саясат Кеңесімен қабылданды және жоғарыда аталған жылдың 31-шілдесінде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды. Еңбек Кодексі еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің санын қысқартты және оларға қайшы келушілікті жойды, жұмысшылар, жұмыс берушілер және мемлекет мүдделерінің берік балансын қамтамасыз етеді, еңбек қатынастарын реттеу механизмін қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролін анықтады. Еңбек Кодексі Халықаралық еңбек ұйымдарының ұсыныстарында қалыптасқан принциптерді – қажетті жағдайды және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету; ассоциациялар (бірлестіктер) және басқалар құру, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық конвенциялардың ережелеріне сәйкес келеді. Ағымдағы жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне қол қойды. Ол ресми жарияланған соң 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енеді. Еңбек Кодексі жалпы және ерекше бөлімдерден, 6 бөлімнен, 40 тараудан, 341 баптан тұрады. Қазақстан Республикасының 2007-жылғы 15-мамырдағы № 252-ІІІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің іске қосылуы туралы» Заңы 1-бап. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 122-бабының 2-тармағын, 204-бабын, 239-бабының 1-тармағын, 276-бабы 5-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін. 2-бап. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі қолданысқа енгізілген кезден бастап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінің күші жойылды деп танылсын: 1) «Ұжымдық шарттар туралы» 1992 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 16, 442-құжат); 2) «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы» 1996 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 264-құжат); 3) «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1068-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 24, 149-құжат; 2005 ж., № 24, 121-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат); 4) «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1069-құжат); 5) «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 409-құжат); 6) «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 3-4, 17-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 15, 92-құжат); 7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Ұжымдық шарттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын күшіне енгізу туралы» 1992 жылғы 4 шілдедегі қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 16, 423-құжат). 3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келтірілуге тиіс. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келтірілгенге дейін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63-ІІІ «Балалары бар жанұяларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеу туралы» Заңына сәйкес, бір рет төленетін жәрдемақыларға қоса қосымша 2006 жылғы 01 шілдеден бала бір жасқа толғанға дейін ай сайын мемлекеттік жәрдемақы (ары қарай күтімге байланысты жәрдемақы) төлеу енгізілді. Бұндай жоғарыда аталған жәрдемақы алуға туылған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алынған балалары бар жанұялардың құқығы бар. Бұл жәрдемақы жанұяның кірісіне қарамастан, бала бір жасқа толғанға дейін тағайындалады. Ал, бала асырап алған және қамқорлыққа алған жанұяларға баланы асырап алғандығы және баланы қамқорлыққа алғандығы жөніндегі шешім шыққан күннен бастап тағайындалады. Күтімге байланысты жәрдемақы 2006 жылғы 01 шілдеден бастап енгізілгенін ескере отырып, 2006 жылғы 01 шілдеге дейін туылған балаларға күтімге байланысты жәрдемақы 2006 жылғы 01 шілдеден бала бір жасқа толған уақытқа дейін төленеді. Мысалы, егер де бала 2005 жылғы 20 қарашада туылса, жәрдемақы 2006 жылғы 01 шілдеден тағайындалып, 2006 жылғы 20 қарашаға дейін төленеді. Күтімге байланысты жәрдемақы тағайындау үшін тұрғылықты жерге байланысты Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік Орталықтың бөлімшесіне хабарласып, келесі құжаттарды ұсыну қажет: 1. Өтініш; 2. балалардың туу туралы куәліктері; 3. тұрғылықты жерді және жанұяның құрамын растайтын құжат; 4. алушының жеке басын куәландыратын құжат Ай сайын төленетін күтімге байланысты жәрдемақының мөлшері: Бірінші балаға-3 айлық есептік көрсеткішті (3276 теңгені) Екінші балаға-3,5 айлық есептік көрсеткішті (3822 теңгені) Үшінші балаға-4 айлық есептік көрсеткішті (4368 теңгені) Төртінші және одан да көп балаларға-4,5 айлық есептік көрсеткішті (4914 теңгені) құрайды. Күтімге байланысты жәрдемақыны тағайындауға өтініш беру мерзімі бала туғаннан 12 айдан аспауы тиіс. Бір жасқа толмаған екі және одан да көп балаларға күтім жасағанда, күтімге байланысты жәрдемақы әрбір балаға жеке тағайындалады. Мысалы, жанұяда бірден үш бала туылғанда, күтімге байланысты жәрдемақы әрбір балаға мына мөлшерде: бірінші балаға-3 айлық есептік көрсеткіш, екінші балаға-3,5 айлық есептік көрсеткіш, үшінші балаға-4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Медициналық-әлеуметтік сараптама туралы
Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметін ары қарай жетілдірудің негізгі мәелелерінің бірі МОМБ мүгедектердің орталықтандырылған мәліметтер базасын енгізу болып табылады. Қазақстан Республикасында мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру мақсатында МОМБ құру жүргізіліп отыр және 2008 жылдың 1 жартысында толық енгізілуі жоспарланып отыр. МОМБ бағдарламасына медициналық-әлеуметтік сараптама өткен азаматтардың орталықтандырылған банкісін, мүгедектік мәселелері бойывнша ақпараттық-анықтамалық бағдарламаны, мүгедектердің республикалық тізбесі енетін болады. Бұл бағдарлама қажетті жағдайлардағы статистикалық есептерді, сараптамалық жұмыстарды, мүгедектерді оңалту бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін және сапасына бақылау жасауды және қажетті есептеулерді жүргізуді қамтамасыз етеді. Құжаттар мен материалдарды дер кезінде өңдеу әдістері медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізуді үйлестіруге, мемлекеттік қызметшілердің ескі жүйедегі жұмыстарынан босатуға, мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша қажетті шешімдерді жүзеге асырып, тез шешім қабылдауға ықпал етеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының медициналық-әлеуметтік сараптаманың барлық бөлімшелерінде (130 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі) спутниктік терминалға қосылып МОМБ қолдануда. 2006-жылғы 20-желтоқсанда МОМБ-ға қосылу жұмыстары аяқталды, ШҚО-да барлығы 45 компьютер, соның ішінде 15 компьютер Семей қаласында, 4 компьютер Аягөз қаласында және 26 компьютер Өскемен қаласында. Осы уақытқа дейін медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандары 31289 мүгедектерді медициналық куәландыру актілерін мәліметтер базасына енгізді. 2007-жылдың соңына дейін 2005, 2006 және 2007-жылдардың мүгедектерді медициналық куәландыру актілерін толығымен енгізу жоспарланып отыр. ШҚО бойынша МОМБ бағдарламасына мүгедектерді медициналық куәландыру актілерін енгізу жұмыстары жоспарға сай 2008- жылдың 1-ші жартыжылдығында толық аяқталатын болады. Мұрағат |