Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Глубокое ауданы

  Глубокое ауданының әкімі –Кошелев Владимир Леонидович

1962 жылғы 22 сәуірде Семей облысы Көкпекті ауданы Преображенка ауылында дүниеге келген. Ұлты – орыс.

1984 жылы Семей ет және сүт өнімдерінің технологиялық  институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының заңгер дипломын алған.

Өзінің еңбек жолын Көкпекті ауданында ауылшаруашылығы техникасының инженер-технологы болып бастаған. Өндірістік кәсіпорындардағы жұмыс тәжірибесі бар. Ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы саласындағы ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет кеткен.

2006 жылдың қаңтар айынан – «Продкорпорация» ҰҚ» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің директоры.
2009 жылдың 19 қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімі болып тағайындалды.  

 

 

 

Қызметтік міндеттер:

Ауданның мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен арақатынасындағы мүддесін ұсынады. Облыс әкіміне орталық мемлекеттік органдарының өңірлік бөлімшелерінің заңдарды, Президент және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындау бөлігіндегі іс-әрекеттері туралы ұсыныс енгізу. Сәйкес тұлғаларды мемлекеттік наградалармен марапаттау,  құрметті және басқа атақтарды беру туралы облыс әкіміне ұсыныс енгізеді. Аудандық мәслихатқа «Глубокое ауданының құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енгізеді.

Мына лауазымды тұлғаларды лауазымдарға тағайындайды және лауазымынан босатады: аудан әкімінің орынбасарын, аудан әкімі аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын, ауданның кенттері мен ауылдық округтерінің әкімдерін.

Аудан әкімінің орынбасарына, аппарат басшысына және құрылымдық бөлімшелер басшыларына, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, сонымен қатар ауданның кенттері мен ауылдық округтері әкімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді. Ауданның кенттері мен ауылдық округтері әкімдерінің жұмыстарын үйлестіреді. Азаматтардың құқығын қорғау және еркіндігі жөніндегі шаралар қабылдайды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қатынасады. Әлеуметтік-мәдени бағыттағы мекемелерге мектепке дейінгі, орта, бастауыш кәсіби білім беру мекемелеріне материалдық – техникалық көмек көрсетеді және демейді.

Бюджетке салық жинауға және басқа да міндетті төлемдерді жинауға көмек көрсетеді. Аудандық мәслихатта бекітуге Республика Үкіметімен бекітілетін, жергілікті мемлекеттік басқарудың типтік құрылымының негізінде ауданды басқару сызбасын ұсынады.

Өзінің құзыры шеңберінде жалпы әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сонымен қатар жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы мәселелер жөніндегі заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етеді және ұйымдастырады.

Мәслихатта бекіту үшін ведомствоаралық маңыздағы мәселелер бойынша кеңес беру және кеңесудің дербес құрамын ұсынады. Ауданның прокуратурасымен, аудандық сотпен, ішкі істер бөлімімен, ауданның әділет басқармасымен, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен, өңіраралық қаржы полициясы бөлімімен қарым қатынасады.

Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күрес жөніндегі аудандық үйлестіру кеңесінің іс-әрекетіне басшылық етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.

  Аудандық әкімдікте қабылдау уақыттары: әр дүйсенбі 10-12 сағ..
  Телефоны: 8(72331)2-28-08
  Е-mail: аkim@glubokoe.ukg.kz

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы