Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
Kazakhstan Financial Market
 
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Үржар ауданы

  Аудан әкімі

  Мемлекеттік мекемелері

  Әлеуметтік-экономикалық дамуы

  Виртуалды қабылдау

 Офицальный сайт Урджарского района

Тарихи анықтама

Үржар ауданы Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында орналасқан, 1928 жылы ұйымдастырылған. Үржар ауданының орталығы Үржар ауылы (селосы) Тарбағатай тауының оңтүстік етегіне қоныс тепкен. Семей қаласынан 512 шақырым қашықтықта. Ең жақын Аягөз темір жол станциясы 175 шақырым. Бұл елді мекен 19-шы ғасырдың елуінші жылдары қазақ (казачье) поселкесі ретінде пайда болған. Әрі бұл арада 1867-79 жылдар аралығында Қытайдың сауда өкілдігі жұмыс істеген. Үржар арқылы Ташкент және Семей керуен жолы өткен болатын. Сондай-ақ 1905-15 жылы Қоныстандыру басқармасы орналасқан. Үржар аймағының тұрғындары Кеңес Үкіметінің құрылуына белсене қатысты. Коммунистік партияның 1-ші аудандық комитеті 1922-ші жылы 1-ші ақпанда, 1-ші болыстық Кеңестер съезі 1922 жылы қазан айының 6-да ашылды.Үржар ауданы Қазақстанның шығысындағы ең үлкен аудандардың біріне саналады. Осы өлкеде талай бір қиын да қилы кезеңдерде ерлігімен көзге түсіп, ел есінде қалған айтулы тұлғалар көп деп айтуға болады. Бұл арадан екі мыңдай жыл бұрын Ұлы Жібек жолы өткен әрі осы замандардан бері құрыштай берік дала халқы өсіп-жетілді. Бұл өлкеде баланы ертежасынан ат ертоқымына отырғызып, оларды мықты отыруға үйретті, егер керек болса, қиын кезеңдерде өз жерін, анасы мен қарындастарын қорғауға қалыптастырды. Тағдырдың ауыр замандарында, аймақтың би мен батырлары салиқалы шешімдер қабылдап, ақындары ел бірлігін қолдаған өлең – жырлар шығарып, халықтың рухын көтерген.Жарбұлақ елді мекенінде туып-өскен Қабанбай батыр – сардарды тарих мәңгі ұмытпайды. Бүгіндері аса бір сүйіспеншілікпен қазақ халқы оны «Дарабоз», «Хан батыры» - деп атайды. Тарбағатай алқабы, суықты да, аштықты да, соғыстыда, күштеуді де көп көрді. Үржар өңірі табиғаттың анық бояуы деуге әбден болады, бір жағы жазиралы дала, енді бір жағы көкжиекке көлденең түсіп жатқан Тарбағатай асулары. Қыс алдымен тауда басталып,алғашқы қар құзарт белдерде жатады.

Көктем болса ең бірінші бауырындағы алқапқа келеді, ал шыңдар жаздың ыстығына дейін қармен демалады. Бұл жақтың адамдарыда еңбекқор және олжалы.Үржар станицасы 1854 жылы құрылған. Бұл арада бірінші болып Сібірден қоныс аударғандар, онан кейін Жетісу қазақтарының әскерлері тұрған еді. Кейінен Батыс Сібірдің шаруаларына бұл жаққа көшіп келуіне рұқсат берілді.Қазіргі уақытта облыс бойынша аудан – ең үлкен ауданның біріне жатады. 1999 жылғы санақ бойынша мұнда қазір 95350 адам тұрып жатыр. Қазір ауданда ауыл шаруашылығының жақсы жолға қойылуынан жергілікті экономиканың көтеріле бастағаны байқалады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жоғары деңгейде дамып, дүкендерге жергілікті өндірістің тамақ өнімдері көптеп түсуде. Сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету, кәсіпкерлік кеңейе түсуде. Ауданның одан әрі өркендеп, дамый түсуіне, жаңа заманның құрылымдары; ЖШС «Юбилейный» - Т. Қарашев, «Келдімұрат» К. Қасенов, АҚ «Үржар-Астық» - Н. Коваленко, «Атамекен» фирмасының президенті - Ә. Садықов, «Бәкей» шаруа қожалығының жетекшісі – Т. Жирентаев, үлкен үлес қосуда. Бұлар 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғары наградаларының иегері атанды.Аудан басшылығы Үржар тұрғындарының денсаулығы мен білім алуына айтарлықтай қамқорлық көрсетуде. Қазіргі заманның медициналық құрал-жабдықтары мен компьютерлеріне жеткілікті түрде қаражат жұмсалуда. Соның арқасында ауданның мектеп бітірушілері Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарына көптеп түсуде. Ал бұлар Үржардың және еліміздің болашағы.Аудан экономикасының дамуы, жергілікті жердің мәдениеті мен спортының жедел дамуына әсер етуде. Тұрғындарға кеңінен танымал «Сонар», «Сельские зори», «Көңіл толқыны» ән-би ансамбілдері жұрт алғысын алуда. А. Найманбайұлы атындағы Мұражай аудан мақтанышы деп айтуға болады.

Жыл сайын аудан көлемінде «Жауқазын», «Тарбағатай – 2000» фестивалі жас дарындарды анықтау конкурсы өтіп тұрады.Бұған жеті мыңдай жас таланттар қатысады. Бұл өлкеде өзіндік тарихи бар қазіргі спорт түрлері де өте жақсы дамуда. Әрбір жылдарда әлем, Европа, бұрынғы Кеңес Одағы және Қазақстан чемпиондары түлеп ұшты. Егер айтар болсақ, Д. Тұрлыханов, Н. Яковлева, М. Майфат, Б. Қоңыратов, Г. Панина, Б. Битебаева, В. Камсулова және Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген тренер Қ, Дүйсенова.Ауданның олимпиадалық резерв мектебі, Қазақстан Республикасының, халықаралық жарыстарының, Азиялық және олимпиадалық ойындардың чемпиондары болған талай мықты спортсмендерді өсірді. Олардың ішінде: Д. Тұрлыханов, О. Яцкая, А. Иманбаев, Д. Баяхметов, А. Назаров, А. Шира, Е. Слямов және басқаларды айтуға болады. Олардың алтын және күміс медалдары Республикамызға әлемдік даңқ әкелді. Үржар, Кеңес Одағының батыры В. Колесников және он сегіз Социалистік Еңбек ерінің шыққан аймағы.Аудан жұртшылығы шынайы құрметпен және мақтанышпен академик Л. Садықованы, Ұлттық техника университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы ғылым Академиясының корресппондент мүшесі М. Смайыловты, Қазақстан Республикасы ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, медицина ғылымының докторы С. Байжановты, генерал – лейтенант И. Артемовты, қазіргі уақыттың үлкен жазушыларының бірі, К. Жұмәділовты, оның әріптесі А. Сәдуақасұлы, сазгер С. Тұрысбековты, Ғ. Даукенованы айта алады. Бұл аймақтың ауа-райы қатал және әдемі.

Сонымен қатар облыс көлеміндегі, толған алма бақтары гүлден десте жамылған жалғыз ғана аудан. Мамыр айында Тарбағатай биіктерінен алқызыл қар тау етектеріне қарай жылжығандай болады.Аудандық саз мектебі туралыҮржар аудандық балалар саз мектебі 1973 жылы құрылған. Мектеп қабырғасында 272 оқушы білім алса, 43 ұстаз еңбек етуде. Мақаншы, Жарбұлақ, Қарақол ауылдарында филиалдар жұмыс істейді. Мектепте фортепиано, скрипка, басқобыз, домбыра, қобыз, баян аспабы мамандықтары бойынша оқушыларды даярлайды. Мектеп өзінің: ҚР еңбегі сіңген әртіс композитор Г. Дәукенова, «Отырар сазы» оркестрінің музыканттары Қойлышев С., Нұрақов А. музыка аспабын жасау шебері Сатыбалдинов С., әншілер М. Нұрмұхаметова, Г. Темірбекова сынды түлектерін мақтан тұтады. Ұстаздар ұжымы П-ші облыстық «Шығармашылықтар бірлестіктер» конкурсының лауреаты. Жоғарғы білімді 10, орта арнаулы 33,1 категориялы 8, П-категориялы 22. 1991 жылдан КСРО халық әртісі, композитор Е. Рахмадиев атында. Музыка мектебінің ұстаздары «Көңіл толқыны» халық аспаптар оркестрінің құрамында аудан, облыс көлеміндегі барлық мәдени шараларға белсене қатысады. Музыка мектебінің оқушылары облыстық «Жас музыкант» конкусының жүлдегерлері. Мектеп мүдірінің орынбасары Кебіспаева М.Х. осы мектептің түлегі. Мектеп мүдірі: Өмірбаев Бақыт Әбенұлы.Аудандық ардагерлер кеңесі туралыҮржар аудандық ардагерлер Кеңесінде 26 мүше бар, ревкомиссияда 3 адам (төрағасы Жабаев Нақысбек, 3 тұрақты комиссия бар. аудандық ардагерлер ұйымында селолық округтар бойынша – 27, Мақаншы ішкі істер бөлімінде, Үржар кісітасу паркінде барлығы 29 бастауыш ұйымдар бар.Аудандық ардагерлер Кеңесі өз жұмыстарын жоспар бойынша жүргізіп отырады. Жылына бір рет пленум, 4 рет әр тоқсан бойынша президиум мәжілістері.Аудан Әкімі Селиханов Д.М. ұйғаруымен барлық соғыс ардагерлері аудан Әкімінің орынбасарларынан бастап, бөлім меңгерушілері, мекеме басшылары, ауыл әкімдеріне, мектеп мүдірлеріне бекітілген.

2004 ж. Алматы қаласының ардгерлер кеңесінің, қалалық Акиматтың ұйғаруымен барлық соғыс ардагерлері мен оған теңестірілгенді аралап, олардың тұрмыс, әлеуметтік жағдайларын тексерген бастамасын біздің облыс аудандарында да жүргізді. Бұл істі атқару үшін аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік қорғау, денсаулық қорғау бөлімдерінің бірлескен мәжілісінде қарап іс-шаралары белгіленді. Селолық округтер бойынша кімге қандай көмек беру мәселелері белгіленіп олар іс жүзіне асырылуда.

Бүгінде ауданда 103 соғыс ардагері, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында екпінді еңбегі үшін медальмен марапатталғандар – 130, армияда болғандар – 23, соғыста қаза тапқандардың жесірлері – 17, соғыс жылдары кем дегенде 6 ай тылда жұмыс істегендер – 1087 адам анықталды.

 

Тақырып бойынша ақпараттық мәліметтер:


 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы
 

ШҚО әкімі сайтындағы барлық анықтама ақпараттар сіздің ұялы телефоныңызда - wap.akimvko.gov.kz

 
Copyright © 2005-2010

Барлық құқығы қорғалған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz сайтынан материалдарды толық немесе жартылай пайдалану тек сайттың ресми иесінің келісімімен ғана рұқсат етіледі. 

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40
Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: portal@akimvko.gov.kz
Call - центр тел. 8 (7232) 203-300