| Тарбағатай ауданы tarbagatay.vko.gov.kz Аудан әкімі Мемлекеттік мекемелері Әлеуметтік-экономикалық дамуы Виртуалды қабылдау Тарихи анықтама Тарбағатай ауданы 1928 жылы құрылды. Аудан Шығыс-Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында Тарбағатай тау жоталары мен Зайсан шұңқырының аралығында орналасқан. Аудан аумағы 23,8 мың кв. км-ге тең, солтүстіктен оңтүстікке қарай 500 км-ден артық созылып жатыр. Аудан шығыста Зайсанмен, батыста Үржар мен Аягөз, солтүстікте Көкпекті және Жарма аудандарымен шекаралас. Ауданның оңтүстігінен ұзындығы 300 км болатын, ҚХР –мен мемлекеттік шекара өтеді. Ауа-райы қатты- континентті, аздаған ылғалды және жылы болып келеді. Аудан аумағында өсімдіктер екі жерде өседі: тауда және ойпаң жерлерде. Тау өсімдіктері - сабақты, әр түрлі шөптер, дәнді өсімдіктер, ойпаң жер өсімдіктері- құрғақ жусандар. Негізгі су көздері- Қандысу, Теріс-Айрық, Боғас өзендері. Ірі өзендері- Базар, Қарғыба, Тебіске, Ласты. Негізгі су айдындары- таулы және Зайсан су жүйесіне жатады. Аудан аумағында көмір және сапалы бентонит пайдалы қазба кен орындары байқалған. Ауданның әкімшілік орталығы- Ақсуат селосы. Ақжар с. және Тұғыл кенті – ірі елді мекендер. Ауданда барлығы 71 елді мекен бар. Ақсуат селосы мен облыстық орталықтың ара қашықтығы 350 км, Аягөз, Жанғызтөбе теміржол станцияларына дейін 220-350 км, Тұғыл кеме айлағына дейін 270 км. Аудандағы көліктің негізгі түрі- автомобиль. 2005 жылғы 1 қаңтарда аудан халқының жалпы саны 61,6 мың адамды, соның ішінде: әйелдер-30060, 5 жасқа дейінгі балалар- 5010, 6-дан 18-ге дейін - 15818, 18-ден 63-ке дейін – 35302, зейнетақы алушылар саны 9034 адамды құраған. 2005 жылғы 1 қаңтар бойынша аудан халқының этникалық құрамы 98,4 % -қазақтар, 1,6 % - басқа ұлттар. Шаруашылығы бар субъектілер саны-2113, 36- ЖШС, 519-жеке кәсіпкерлер, 1393- шаруа қожалықтары. Сала бойынша: 12- өнеркәсіпті, 1409- агроөнеркәсіпті, 2- қайта өңдеуші, 515- сауда-саттық. Тарих және сәулет ескерткіштері: Б.э.д VII-VIII Қалба тау жотасы, Түрік қағандығы Балбал Кіндікті мүсіні, б.э.д VII-VIII Кіндікті мүсіні сынтасы. Б.э.д Еспе өзені жағасы және Өрнектау тасындағы Таңбалы тас суреті. XIX ғ. ескерткіштері Ойшілік с. Сасан би мазары, Тана Мырза мазары және XIX ғ. Қожагелді с. Қожагелді батыр мазары. XX ғ. Ерназар с. Ырғызбай әулие мазары, XIX ғ. Уан Төре елді мекеніндегі Уан Төре мазары. XIX ғ. Қызыл кесік с. Шәкі би мазары. |