Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ЭКОНОМИКА

Инвестиция саясаты

2010 жылдың 7 айында негізгі капиталға инвестициялар туралы

2010 жылдың қаңтар-шілдесінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бағалау есебімен 68,6 млрд. теңгені құрады, бағалар индексі есебімен 0,1% төмендеді. Шілдеде инвестициялар көлемі 18,2 млрд. теңгені құрады, ол 15,9 % маусым айынан жоғары.
Қаржыландыру көздері бойынша үлкен үлесті кәсіпорынның меншікті қаражаты құрады – 74,4 % (51 045,8 млн.теңге). Республикалық бюджет қаражаты 15,2% (10 428,7 млн.теңге), жергілікті бюджет қаражаты – 2,9% (1 989,7 млн.теңге), шет капиталы – 1,4% (960,5 млн. теңге), берешек қаражаты – 6,1% (4 185,2 млн.теңге) құрады.
Айтарлықтай қаражат өңдеу өндірісіне – жалпы көлемнен 37,9% (26 006,0 млн.теңге), тау - кен өндірісіне – 19,1 % (16 108,3 млн.теңге), көлікке және жинақтауға – 5,6% (3 849,0 млн.теңге), электр энергиясымен қамту, газ беру, бу және ауа кондиционерлеу – 5,7% (3 899,1 млн.теңге), құрылыс – 2,6% (1 758,7 млн.теңге), білім беруге – 4,0% (2 719,2 млн.теңге), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге – 3,1% (2 136,2 млн.теңге), ақпарат және байланысқа – 1,0% (677,5 млн.теңге) инвестрленді.
Есептік кезеңде тұрғын үй енгізу өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,2% төмендеді және жалпы аумақтың 48 163 шаршы метрін құрады.

«Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес» отырысында мақұлданған Шығыс Қазақстан облысы АӨК бойынша әлеуетті инвестициялық ұсыныстар.

Қант қызылшасын және қант өндіру

Шығыс Қазақстан облысы өзінің табиғи-климаттық жағдайына қарай қант қызылшасын өсіруге және қант өндіруге үлкен мүмкіндігі бар өңір.
>Шығыс Қазақстан облысы аумағында шамамен 10,0 мың га жерде қант қызылшасын өсіру бойынша кешен құру жөніндегі тиімді бизнес қарауға ұсынылып отыр.

Өндіріс: қант қызылшасын өсіру және оны қайта өңдеу (қант қызылшасы, қант қамысы) терең өңдеу, брэндирлеу, қант өндіру, нан пісіруге және мал азығына арналған ашытқы, көмір қышқыл, глицерин, мал азығының қоспаларын, этил спиртін, кондитер тағамдарын өндіру.

Қаражат: тікелей қаржыландыру, бірлескен кәсіпорын құру, шағын каржыландыру, лизинг және сақтандыру.

Инфрақұрылым: логистика, техниканы, технологияны, тұқымды импорттау, агрохимия, агроғылым, инновация, көлік және сақтау, а/ш техникасын жөндеу бойынша орталық құру, ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру.
«Группа КМ компании» кәсіпорынды заңды ұйымдастыруда, қосалқы бизнестерді дамытуда, логистикада, лизингте, қайта өңдеуде, тасымалдауда, қораптауда, брендирлеуде, этил спиртін, мал азығын, мал азығын өндіруде, өнімдерді сату, суару қуаттарын құруда, сақтауда, жергілікті жерлерде арнайы басқару компанияларын (командаларын) құруда, қорғауда және т.б мәселелерде көмек көрсетеді.
«ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ тиімді өндіріс үшін жеткілікті жерлерді нығайтуда, инвестициялар тартуда көмек көрсетеді.
Жоғарыда баяндалған бизнес-ұсыныстың барлық мүдделі тараптары оған жұмсалған шығынның 5,5-6,5 жылда ақталуы үшін талпынатын болады.

Жобаның бастамашысы,
«Группа КМ компаний»
К.М. Мусин тел.: 8-7232-221485
Сот.: 87017777217
Байланысатын тұлға, телефоны: ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы, тел.: 8-7232 24-23-04
Д.М. Селиханов

ІІ. Глютен – бидайдың жоғары сапалы құрғақ дән маңызы бар бидай өндірісін құру

Бүгінгі күні адамзат өсімдіктен алынатын белокқа зәру болып отырған жағдайда (тапшылық 15 млн. тоннаны құрайды) дән маңызының рөлі үлкен болып саналады. Ол көптеген тамақ өндірісінде қолданылады. Оны шұжыққа, тартылған етке, тұздықтарға қолданады. Глютеннің белгілі бір мөлшерін қосу арқылы нашар деген ұнның өзін жоғары сапалы етіп алуға болады. Одан сапалы макарон өнімдері және әр алуан кондитер өнімдері шығарылады. Глютен қосылған нан қалыпты сақтау жағдайында өз қасиетін үш айға дейін жоғалтпайды. Вакуумды қорапта бір жыл сақталады.
Малды, құсты, балықты глютен қосылған жеммен азықтандырғанда ІҚМ салмағы 27%, шошқа - 20, қой -15, сиыр сүті 18 артады, төлдің төзімділігі нығаяды.

Жаңа мал азығының құны мал азықтық астықтың құнынан артпайды.
«Группа КМ компаний»  кәсіпорынды заңды ұйымдастыруда, қосалқы бизнестерді дамытуда, логистикада, глютенді сату, сақтау, қорғау, жергілікті жерлерде арнайы басқару компанияларын (командаларын) құруда (фъючерлік келісімдер) көмек көрсетеді.
ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы өңірдегі астық өндірушілердің шоғырлануына көмек көрсетеді.
Жоғарыда баяндалған бизнес-ұсыныстың барлық мүдделі тараптары оған жұмсалған шығынның 3-4 жылда ақталуы үшін талпынатын болады. 

Жобаның бастамашысы,
«Группа КМ компаний»
К.М.Мусин тел.: 8-7232-221485
Сот.: 87017777217
Байланысатын тұлға, телефоны: ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы, тел.: 8-7232 24-23-04
Д.М. Селиханов

III. «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің толайым рыногының логистикалық терминалын» құру

Ішкі азық-түлік рыногының тұрақтылығын сақтаудың, оны арзан тамақ өнімдерімен молықтырудың тиімді жолдарының бірі тамақ өнімдерін сақтауға және қайта өңдеуге арналған «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің толайым рыногының логистикалық терминалын» құру болып табылады.
«Группа КМ компаний» «Дина» толайым базарын кеңейту және жетілдіруді аяқтау мәселесін қарауды ұсынады.
Қазіргі уақытта құрылғаны:

 

м*

тонна

Көкөніс қоймалары

6720

3000

Жеміс қоймалары

2232

1000

Ет павильоны

655

 

қойма

250

120

қойма

450

130

қойма

690

180

Картоп қоймасы

1300

1000

Көкөніс қоймасы 150т                   

430

150

Тұздау цехы

756

250

Кірпіштен салынған бір қабатты қойма (кептірілген жемістер)

234

21

Көкөніс сататын жабық базар

1500

500

қойма

210

100

қойма

720

300

Сауда қатары (қоймалары бар 32 дүкен)

1550

320

Салынып, іске қосылғаны: темір жол бойымен электр қуатының тартылуы, су-канализация жүйесі, автомобиль жолдары, телефон, медпункт, қонақ үй және т.б.
Жұмыс тәжірибесі 10 жылдан астам, білікті мамандар.
«ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ өңірдегі картоп, қызанақ, сәбіз, қияр және басқа да көкөніс өндірушілердің шоғырлануына көмек көрсетеді.
Жоғарыда баяндалған бизнес-ұсыныстың барлық мүдделі тараптары оған жұмсалған шығынның 3-4 жылда ақталуы үшін талпынатын болады. 

Жобаның бастамашысы,
«Группа КМ компаний»
К.М. Мусин тел.: 8-7232-221485
Ұялы тел.: 87017777217
Байланысатын тұлға, телефоны: ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы, тел.: 8-7232 24-23-04
Д.М. Селиханов

IV. Мал етін терең өңдеу кәсіпорнын құру.

Ірі қара және ұсақ малды сою, олардың етін бастапқы өңдеуден өткізу және ет өнімдерін өндіру, ет өнімдерін ішкі рынокқа жылжыту.

«Группа КМ компаний» бұл бағытта қолда бары:
- Стационарлық «Хладокомбинатом», бір жолғы сыйымдылығы 300 тонна. Ет және ет өнімдері (евростандарт), қатыру, дефростанцисы бар.
- Стационарлық тоңазытқыш, балық және балық өнімдерінің бір жолғы жүктелімі 40 тонна.
- MS-200 модельді мал сою жабдығы (Финляндия) (өнімділігі ауысымына 10 тонна)
- рефрижераторлар (Т-30°С).
-  білікті мамандар
Ресей Федерациясына шыға алатын, етті терең өңдеу (шұжықтың барлық түрі, консервілер) кәсіпорнын құру ұсынылады.

Жобаның бастамашысы, байланысатын тұлға, телефондары
«Группа КМ компаний»
К.М. Мусин тел.: 8-7232-221485
Ұялы тел.: 87017777217

 

Инвестициялауды талап ететін облыстың дамуы үшін маңызды жобалар кестеде келтірілген.
Сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі
Инвестиционные форумы

  

 


Мұрағат

+ 2009
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2008
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2007
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2006
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2005
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2005
Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы