Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЗНЕС
ШҚ өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер Ассоциациясы

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» Шығыс Қазақстан Қауымдастығының бірлескен сайтында сіздерді қолдап, шын ықыласымды білдіремін.
«Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» Шығыс Қазақстан Қауымдастығы» заң тұлғаларының бірлестігі 2004 жылдың 21 қазанында үш кәсіпорынның: – «Өскемен  конденсаторлық зауыты» АҚ бас директоры - Аксенов Владимир Викторович; «Қазмырыш» АҚ президенті - Попович Никола,– «БИПЭК АВТО» КТ директорлар кеңесінің төрағасы Балушкин Анатолий Михайловичтің бастамасымен құрылды.
Қазіргі күні Қауымдастық мүшелерінің саны экономиканың алуан түрлі салалары: түрлі түсті металлургиясы, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы мен өндіру өнеркәсібі, құрылыс-құрастыру мен ағаш өндеу өнеркәсібінің 30-дан астам кәсіпорындарын құрайды. Шығыс Қазақстан облысы өнеркәсіп өнімінің мөлшеріндегі Қауымдастыққа кіретін кәсіпорындардың үлесі 2009 жылдың қорытындысы бойынша 53,5 % құрайды.  

Бүгінде Қауымдастық Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы ілгерішіл жетекшілерінің жұмысқа қабілетті қоғамдық бірлестігі болып табылады. Қауымдастық қатысушылары бірнеше жылғы табысты қызмет ету  арқасында бірлесіп жұмыс істеудің тиімділігіне көздері жетті.
«Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» Шығыс Қазақстан Қауымдастығы «Атамекен» Одағындағы  Қазақстанның Ұлттық Экономикалық Палатасы»  ЗТБ мен Қазақстан Республикасы  жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) Конфедерациясының мүшелігіне кіреді.
Өңіріміздегі басты индустриалды жобаларды енгізу бойынша Елбасы Н.А. Назарбаев пен Қазақстан Республикасы  Үкіметінің Бағдарламасын тек бірлескен құштарлықпен іске асыратынымызға кәміл сенеміз. Кәсіпорындар - Қауымдастық мүшелерінің ынтасымен жалпы сомасы 328,4 млн. $.құрайтын инвестициялық жобалардың бір қатары жоспарлануда.

Мысалы:

Ауыл шаруашылығы мен өндіру өнеркәсібі:

1. Ет өндіру кешенінің құрылысын салу ( «ШҚ Ертіс»/«ВК Иртыш» ЖШС, Глубокое ауданы, Прапорщиково ауылы), қажетті инвестициялар (қаржыландыру) 11,0 млн. $;
2. Картоп өндіруін ұлғайту, вируссыз технологиясы бойынша тұқым шаруашылығы орталығын құру, Картоптен крахмал мен оған ілеспелі өнімдерін (протеин, картоп шырыны, фри картобы, т.с.с.) өндіру зауытын салу, («Екимбаев Т.К.» ШҚ, Өскемен қаласы), қажетті инвестициялар (қаржыландыру) 51,1 млн. $;
3. Өскемен қаласындағы «ШАҢЫРАҚ» Шығыс-Қазақстандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің («Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» ШҚ  Қауымдастығына кіретін кәсіпорындары, Өскемен қаласы, «ЖМК» ықшамауданы) ықпалдасқан логистикалық сауда-үлестіру орталағының құрылысы, қажетті инвестициялар (қаржыландыру) 8,0 млн. $;

Химия өнеркәсібі:

4. Полимерді мен композициялық материалдарды өндіру («ЛИК-ЗПКИ» ЖШС, Өскемен қаласы), қажетті инвестициялар (қаржыландыру) 9,6 млн. $;

Құрылыс пен құрылыс индустриясы:

5. Заманауи жабдықтарын алу арқасында каркасты үй құрылысын салу үшін болаттан жасалған жеңіл жұқа бүйірлі құрылымдарды өндіру бойынша қолданыстағы зауытты кеңейту («ALMA GRAD Real Estate» ЖШС, Өскемен қаласы), қажетті инвестициялар (қаржыландыру) 23,2 млн. $.
6. «Инвесторларға (капитал салушыларға) арналған ұсыныстар» бөліміндегі осы және басқа да жобалар жөнінде толық ақпаратты көруге болады. Сондай-ақ, басқа айдарларда  кәсіпорындар мен олардың шығаратын өнімдері,атқаратын қызметтері мен жұмыстары,  ынтымақтастық жөнінде ұсыныстары, Қауымдастық қызметі мен кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңнамалары жөнінде жаңалықтар мен ақпарат хабарлары туралы ақпарат орналастырылған.

 

Ізгі ниетпен,
«Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы»
ШҚ Қауымдастығының Президенті,
облыс әкімінің кеңесшісі Ю.ШВАЙЧЕНКО

Қауымдастық мүшелері

Инвесторларға арналған ұсыныстар

Ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар

Контакт ақпараты: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы,
070016, Өскемен қаласы, Қ. Сәтпаев даңғылы, 62
тел./факс +7/7232/203-767, 203-765
E-mail: OYL_cd@mail.ru, www.akimvko.gov.kz, «Бизнес» бөлімі

 

Тақырып бойынша ақпараттық хабарлама:


Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы