Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
Kazakhstan Financial Market
 
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКIМI

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми порталына қош келдіңіздер!

Шығыс Қазақстан бүгінгі күні – бірегей табиғат әлемі, зор өндірістік әлеуеті, әлеуметтік инфрақұрылымы тармақты және белді аграрлық саласы бар экономикалық жағынан толыққанды аймақ. Бұған қоса облысымыз жаңа бастамаларды өмірге әкеліп, оның сәтті жүзеге асуы үшін табысты тұғырнама болып табылады. «Электрондық үкіметті» енгізудің алғашқы пилоттық жобасы Шығыста жүзеге асырылғаны өздеріңізге мәлім. Ол жақын болашақта тиісті құрылымдардың интернет-порталы арқылы тұрғындардың түрлі категориясы үшін мемлекеттік қызметтің барлық түрін ұсынуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі ресми сайтының интернетті пайдаланушылардың қызығушылығын арттыратынына және олардың Шығыс Қазақстан туралы танымын кеңейтуге септігін тигізетініне сенімдімін!

Тиімді «кері байланыстың» болатынына үміттенемін. Біздің болашақ үшін жұмыс істейтінімізді атап өткім келеді және іскер ынытмақтастыққа әрқашанда жол ашық.

 

Сапарбаев Бердібек Машбекұлы

1953 жылы туған, қазақ, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылының тумасы, білімі жоғары. (Білімі) 1977 жылы жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысынан бастады (1969-1971 ж.ж.); әскери қызметін өткерді (1971-1973 жж.). Институтты бітірісімен Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары (гострудсберкассы) басқармасында экономист (1977 ж.); ҚазСРО Қаржыминінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары (1977-1988 жж.); жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Бас экономика басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары (1988-1993 жж.); Президент Аппараты Бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары (1993 ж.); Қазақстан Республикасы Министрлері кабинетінің Істер басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі (1994-1995 жж.) болды.

Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті Аппаратының басшысы (1995 ж.); Қызылорда облысының әкімі (1995-1999 жж.); Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі (1999-2002 жж.) қызметтерін атқарды;

Облыс Әкімінің блогы

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Вице-Министрі - Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002 ж.- 2006 ж.); Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің Өкілі (2006 ж. – 2007 ж.); Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі (2007 жылдың 9 ақпаны – 2007 жылдың 27 тамызы).

2007 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымында болған.

«Құрмет» орденімен (1999 ж.), «Астана» (1998 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.) медальдарымен марапатталған.

2009 жылғы 4 наурызда Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағйындалды.

 

  Азаматтарды қабылдау
Облыс әкімі азаматтарды әр айдың бірінші сейсенбісінде сағ. 15-тен бастап бір рет қабылдайды.
  Телефоны: 8 (7232) 26-39-72
  Қабылдау бөлмесі: 8 (7232) 26-33-10

 

Тақырып бойынша ақпараттық мәліметтер:


 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы
 

ШҚО әкімі сайтындағы барлық анықтама ақпараттар сіздің ұялы телефоныңызда - wap.akimvko.gov.kz

 
Copyright © 2005-2010

Барлық құқығы қорғалған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz сайтынан материалдарды толық немесе жартылай пайдалану тек сайттың ресми иесінің келісімімен ғана рұқсат етіледі. 

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40
Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: portal@akimvko.gov.kz
Call - центр тел. 8 (7232) 203-300